Елорда төрінде Ұлттық ұлан сарбаздарының ант беру рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Астана қаласындағы Отан-Ана монументі алдында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімінің 185 сарбазы әскери ант қабылдады.

     Рәсімге Ақмола, Ұлытау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды және Абай облыстарынан әскерге шақырылған сарбаздардың ата-аналары мен жақындары, әскери бөлім ардагерлері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

     Ашық аспан астында сап түзеген сарбаздар Қазақстан халқына, оның заңды түрде сайланған Президентіне ақтық демі қалғанша адал болуға, егеменді мемлекетіміздің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға серт берді. Олардың қатарында келісімшарт негізінде әскери қызметке қабылданған арулар да бар.

     Ресми рәсімнен кейін Құрмет қарауыл ротасы қарумен дефиле көрсетіп, қонақтарға әсерлі қойылым ұсынды. Ал жуырда ғана жауынгер атанған спортшы сарбаздар қысқа уақыт ішінде меңгерген әскери қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін паш етті.

     Концерттік бағдарлама барысында сарбаздар аналарын биге шақырып, гүл сыйлады. Сапта тұрған ұлдарын көрген ата-аналар толқыныстарын жасыра алмады.

     Осылайша жауынгерлік оқу пунктінде әскери даярлықтан өткен жас сарбаздар Отан қорғауға дайын екендіктерін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1264577?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version