ЕҢБЕГІ ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хромтау ауданында Су шаруашылығы, табиғи монополиялар саласы және ветеринариялық қызметкерлер күніне арналған салтанатты шара өтті.

Мерекелік жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов сала қызметкерлеріне кәсіби мерекеге орай құрмет көрсетіліп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін бірқатар мамандарды марапаттады.

Шара барысында су шаруашылығы, табиғи монополиялар және ветеринария саласының аудан өміріндегі маңызы ерекше екені атап өтілді. Аталған салалар халықтың тұрмыс сапасын жақсартуда, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сондай-ақ өңірдің тұрақты дамуына зор үлес қосып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1264269?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version