Фармацевтикалық қызмет саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында онлайн-жиналыс өткізілді.
Жиналысты Департамент басшысының міндетін атқарушы Н.Ә. Ермекбаев ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
Жиналыс барысында келесі өзекті мәселелер қарастырылды:
тиісті фармацевтикалық практика стандарттарын (GxP) енгізу;
дәрілік заттарға бекітілген шекті бағаларды сақтау;
антибиотиктерді рецепт арқылы босату;
күшті әсер ететін заттардың айналымы;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидалары;
фармакологиялық қадағалау;
таңбаланған дәрілік заттардың айналымы кезіндегі бұзушылықтардың алдын алу;
фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер.
Жиналыс соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау және фармацевтикалық қызмет сапасын арттыру бағытындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1263776?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version