Газ қоймасындағы апатқа қарсы оқу-жаттығу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Интергаз Центральная Азия» АҚ «Тараз» магистральдық газ құбырлары басқармасы филиалының Ақыртобе жер асты газ сақтау қоймасының өндірістік обьектісінде арнайы жаттығу оқу-жаттығулары өткізілді.

Іс-шара департаменттің жеке құрамының қатысуымен арқанды жарақтарды пайдалана отырып бекіту құрылғысын орнату арқылы Ақыртөбе жерасты газ қоймасының №23 ұңғымасы сағасындағы ашық газ-су фонтанын жою тақырыбында ұйымдастырылды. Жаттығу кезінде зардап шеккендерді жинау пунктіне жедел эвакуациялау жұмыстары тексерілді.

Сонымен қатар қызметкерлердің әрекеттерінің үйлесімділігі мен аварияларды жою кезінде қолданылатын техникалық жабдықтардың жай-күйі жан-жақты бағаланды. Шара қорытындысы бойынша Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен кәсіпорынның авариялық қызметтері арасындағы өзара іс-қимылдың дайындық деңгейі анықталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1264035?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version