Кент тұрғындары үшін жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кенттегі Абай даңғылы мен Ж. Қыздарбеков көшесінің қиылысында тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған спорт алаңы балалар мен жасөспірімдердің, сондай-ақ барлық тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасайды. Бұл нысан салауатты өмір салтын насихаттауға, дене шынықтыру мәдениетін қалыптастыруға және тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Жаңа футбол алаңы кент тұрғындарының игілігіне ұзақ жылдар қызмет етіп, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға және бұқаралық спорттың дамуына өз үлесін қосады деп сенеміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-agadir/press/news/details/1264123?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version