Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Заң және Тәртіп» идеологемасы аясында «Конституция. Құқықтар. Жастар: болашақ туралы диалог» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шара барысында жастардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары, азаматтық белсенділігі, жастар бастамаларын қолдау, сондай-ақ олардың қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.
Кездесудің спикерлері:
Игорь Васильевич Тарасенко – Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі;
Рамиль Русланович Смаилов – «Еркіндік рухы» жастар ісі жөніндегі комиссиясының мүшесі;
Ризат Русланович Рахимжанов – «Еркіндік рухы» жастар ісі жөніндегі комиссиясының мүшесі;
Жамиля Ақылбайқызы Бұламбаева – «Нефтехим LTD» ЖШС қызметкері, «Заң және Тәртіп» идеологемасының амбассадоры.
Кездесу барысында жастар құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы мен қазіргі қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымның рөлі туралы құнды ақпарат алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1264900?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау