«Қарасора» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел бөлімшелер және Ақтау қаласы патрульдік полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, есірткі заттарын тасымалдады деген күдікпен Mercedes-Benz E200 маркалы автокөлікті тоқтатты.
Көлікті тексеру барысында өсімдік тектес жасыл түсті, марихуанаға ұқсас зат салынған екі полимерлі орама және 2 035 000 теңге көлеміндегі ақша қаражаты тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Маңғыстау облысының үш тұрғыны ұсталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, олардың барлығының марихуана есірткі затын қолданғаны анықталды.
Сот шешімімен ұсталған үш азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке арнайы қабылдау орнына қамалды. Ал Mercedes-Benz E200 автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1264910?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау