Мемлекеттік қызмет – жастар үшін!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінде мемлекеттік қызметте жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуда. Жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесінде жоғары оқу орындарының дарынды түлектері конкурстық іріктеуден өтпей-ақ мемлекеттік қызметте кәсіби еңбек жолын бастап, өңірлерінің дамуына және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге өз үлестерін қосуға мүмкіндік алып отыр.

Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет жүйесінде білікті кадрлар мен талантты түлектерді тартуға бағытталған бірқатар маңызды реформалар жүзеге асырылуда. Осындай бастамалардың бірі – жоғары оқу орындарының түлектері оқу үлгерімі нәтижесі 3,33 GPA көрсеткішінен төмен емес болған жағдайда, оқуды аяқтағаннан кейін бір жыл ішінде ауылда, ауданда және облыс орталығы емес қалалардағы мемлекеттік органдардың басшылық емес лауазымдарына тікелей қабылдану мүмкіндігі.

Биыл 1 шілдеде күшіне енген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңға сәйкес жоғарыдағы талаптарға сай келетін әрбір түлек мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алатын болса, бұған дейін бұл мүмкіндікпен тек мемлекеттік грант иегерлері ғана қолданып келген болатын. Жаңа Заңдағы жаңашылдықтар арқасында қазірден бастап жоғары оқу орнының үздік түлектерінің барлығы осы мүмкіндікті пайдалана алады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментімен келісу арқылы конкурстық іріктеусіз 41 түлек мемлекеттік қызметке тағайындалды. Атап айтқанда, Жаңасемей ауданына – 9 түлек, Жарма ауданына – 6, Бесқарағай ауданына – 4, Аягөз және Үржар аудандарына – 2 түлектен, Ақсуат, Абай және Көкпекті аудандарына, сондай-ақ Курчатов қаласына – 1 түлектен жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, түлектер аумақтақ департаменттердің аудандық бөлімшелеріне де жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда, Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне – 8 түлек, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясына – 5 түлек, сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясына – 1 түлек қабылданды.

Айта кету керек, бұл мүмкіндік аудандық және ауылдық деңгейдегі кадр тапшылығы мәселесін шешуге оң ықпал етіп, мемлекеттік қызметтегі жастардың үлесін арттыруға септігін тигізуде.

Жалпы, аталған бастаманы іске асыру кәсіби әрі бәсекеге қабілетті мемлекеттік аппаратты қалыптастырып, жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Дарынды жастарды қолдау және олардың кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мен өңірлердің одан әрі дамуын қамтамасыз етудегі маңызды қадамдардың бірі.

Қосымша ақпарат алу үшін:

Мекенжай: Семей қаласы, Аймаутова көшесі 143 А, (Бизнес және сервис колледжі ғимараты), 2 қабат, 208 кабинет, Мемлекеттік қызмет басқармасы.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 09:00-18:30, түскі үзіліс 13:00-14:30

Байланыс телефондары: 8 7222 35-41-62, 8 7222 35 41 72, 8 702 540 8555

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1264712?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version