«Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кеден органдарының рөлін қарастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     ҚР ҚМ МКК «Бас диспетчерлік басқармасы» РММ-де басқарма қызметкерлері мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.

     Кеңес барысында Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кеден органдарының рөлі, сондай-ақ ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын сақтау мен кедендік бақылауды жетілдіру мәселелері қаралды.

     Талқылау барысында кеден органдарының қызметі мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға, тауарлардың кедендік шекара арқылы заңды түрде өткізілуін қамтамасыз етуге, тауарлардың заңсыз әкелінуі мен әкетілуінің алдын алуға және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталғаны атап өтілді.

     Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру, тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану, кеден заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және анықтау, сондай-ақ кеден органдарының құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

     Сонымен қатар мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың толық әрі уақытылы түсуін қамтамасыз ету, ішкі нарықты заңсыз тауар айналымынан қорғау және Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған шаралар қарастырылды.

     Кеңес қорытындысы бойынша кедендік әкімшілендіруді жетілдіруді жалғастыру, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, бақылау іс-шараларының тиімділігін арттыру және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту қажеттігі атап өтілді.   

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1264214?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version