Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Әлеуметтік кодексінің 93-бабының 1-тармағына сәйкес, наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.
Аталаған мемлекеттік жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде наградталған анаға берілетін жәрдемақыны алу құқығын пайдаланады.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақыны төлеу барлық растайтын құжаттар болған кезде жүгінген күннен бастап ағымдағы ай үшін және осы жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталатын кезеңге жүргізіледі.
Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен мынадай:
«Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 айлық есептік көрсеткіш немесе 27 680 теңге;
«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 айлық есептік көрсеткіш немесе 32 005 теңге мөлшерінде төленеді.
Аталған жәрдемақыны алу үшін келесі құжаттармен “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ-ға жүгіну қажет.
- Өтініш;
- Жеке басты куәландыратын құжат – сәйкестендіру үшін;
- “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен марапатталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен марапатталған көпбалалы аналардың марапаттарын растайтын немесе осы атақтарды алғанын растайтын құжат;
- Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін –Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы.
Қызмет көрсету мерзімі – 7 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажет болған жағдайда қажеттілігіне қарай іс материалдары ресімделгенге дейін 30 күн мерзімге ұзартылады, бұл ретте егер құжаттар ресімделіп болса мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік корпорацияға қосымша құжаттарды ұсынған күннен бастап 7 жұмыс күнінде көрстіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1264873?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау