Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Аққулы ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, аудандық мәслихат депутаттарының келісімі және өңір басшысының өкімімен бұл лауазымға Асқар Ажмұрат тағайындалды.

Асқар Қадырұлы 1976 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді, мемлекеттік қызметте 24 жылдан астам еңбек өтілі бар. Павлодар қаласында, Павлодар және Успен аудандарында басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ екі жылдан астам уақыт Павлодар облысының құрылыс басқармасын басқарды.

Жаңа басшыны таныстырған облыс әкімі аудан алдында тұрған негізгі міндеттерді айқындап берді.
– Аққулы ауданының аграрлық әлеуеті жоғары. Сонымен қатар инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажет, – деді Асайын Байханов.

Облыс әкімі биылғы құрғақшылықты ескере отырып, мал азығын дайындау және егін жинау науқандарын уақытылы әрі сапалы өткізуді, сондай-ақ жас мамандарды тарту мен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауды ерекше тапсырды.

Өңір басшысы бюджеттік жобалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуді, А. Баймолдин және Тақыр ауылдарының кіреберіс жолдарын жөндеу бойынша ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ аудандық маңызы бар «Аққу – Қазы – Майқарағай» автокөлік жолын қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Бұдан бөлек, Тосағаш ауылында жаңа мектеп пен аудан орталығында жүзу бассейнін салу мәселесін пысықтауды жүктеді.

Жылу беру маусымына дайындық, Тұзқала көлінің туристік инфрақұрылымын дамытуға және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, облыс әкімі аудан орталығындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын бастауды және Тілектес ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды.

Кездесудің қорытындысы бойынша Асайын Байханов жаңа әкімнің алдында ауқымды әрі жауапты міндеттер тұрғанын атап өтіп, ауданды жақсы білуі мен жинақтаған басқарушылық тәжірибесі тұрғындардың игілігі үшін тиімді еңбек етуіне мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1264730?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version