Бүгін Елордадағы Н.Назарбаев атындағы Халықаралық әуежайға Phygital International ұйымының негізін қалаушы Рене Фазель және Беларусь Республикасының спорт министрі Сергей Михайлович Ковальчук мінген ұшақ қонды.
Құрметті меймандарды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Бауыржан Рапиков қарсы алды.
Рене Фазель мен Сергей Ковальчук елордаға «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің құрметті қонағы ретінде қатысады.
Астанада өтетін «Болашақ ойындары – 2026» – спорт, технология және инновацияны тоғыстырған әлемдік деңгейдегі бірегей халықаралық жарыс. Турнир аясында әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік фиджитал клубтары жүлде үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирі 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1264492?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау