Өрт қауіпті кезеңге байланысты Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері және еріктілермен бірлесіп профилактикалық рейдтер ұйымдастырды.
Іс-шара барысында сауда нысандарының иелері мен жеке тұрғын үй секторында тұратын азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді. Ерекше назар эвакуациялық шығу жолдарын бос ұстауға, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығына, сондай-ақ электр және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалануға аударылды.
Сонымен қатар тұрғындарға құрғақ шөп пен қоқысты өртемеу, ашық отты абайсыз пайдаланбау және өрт қаупі туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне дереу хабарласу қажеттігі ескертілді.
Профилактикалық жұмыстар аясында тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылып, өрттің алдын алу – әр азаматтың ортақ міндеті екені түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1264605?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау