«Шығыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әзірлеген 2025 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндаманы ұжымдық жиналыста талқылап, оны алдағы жұмыстың маңызды стратегиялық бағдары ретінде қабылдады.
📌 Басқарма қызметінде келесі бағыттарға басымдық берілген:
✅ «Адал азамат» қағидаттарын және қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтау;
✅ Мүдделер қақтығысының алдын алу және заңнама талаптарын жүйелі орындау;
✅ Комплаенс-бақылау мен түсіндіру жұмыстарын күшейту;
✅ Мемлекеттік қызметтердің ашықтығын, сапасын және қолжетімділігін арттыру.
Басқарма алдағы уақытта да заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-din/press/news/details/1264676?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау