Талдықорғанда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорғанда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Талдықорған қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шарада қала әкімі аппаратының басшысы Ербота Садырқұлов құттықтау сөз сөйлеп, отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұлттық салт-дәстүрді ұлықтап жүрген өнегелі отбасылардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ, жеңімпаздарға алғыс білдіріп, олардың өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа үлгі болатынын жеткізді.

Еске салсақ, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық іріктеу кезеңі 15 мамыр мен 15 маусым аралығында өтті. Байқауға барлығы 8 отбасы қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтын нығайту, ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдық белсенділігі бойынша бақ сынады.

Байқау қорытындысы бойынша:
🥉 ІІІ орын – Қыстаубаевтар отбасы;
🥈 ІІ орын – Манасбаевтар отбасы;
🥇 Бас жүлде – Жармұхамедовтар отбасына бұйырды.

Айта кетейік, қалалық кезеңде І және ІІ орын иеленген отбасылар енді облыстық кезеңде Талдықорған қаласының намысын қорғайтын болады.

Бас жүлде иегері Жармұхамедовтар отбасы:

«Бұл жеңіс біздің отбасымыз үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Байқау барысында әр отбасының өз құндылығы, тәрбиесі мен өнегесі бар екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Осындай игі бастамалар отбасы институтын нығайтып, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеуге үлкен үлес қосады деп есептейміз. Біз үшін ең басты марапат балаларымыздың бірлігі мен тәрбиесі. Енді облыстық кезеңде Талдықорған қаласының абыройын лайықты қорғауға бар күшімізді саламыз», – дейді Жармұхамедовтар отбасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1264198?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version