ТҰТЫНУШЫЛАРҒА КЕҢЕС: ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢЫЗДЫ БІЛІҢІЗ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасында тұтынушылардың құқықтары арнайы заңнамалық нормалармен қорғалады. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ сатушылар мен қызмет көрсетушілердің міндеттерін белгілеуге бағытталған. Тұтынушының құқығы тауардың сапасына, қауіпсіздігіне, оның құны мен сипаттамалары туралы толық ақпарат алуына байланысты мәселелерді қамтиды.
Егер сатып алынған тауар сапасыз болып шықса немесе көрсетілген қызмет талаптарға сәйкес келмесе, тұтынушы өзінің заңды талаптарын қоюға құқылы. Тұтынушының құқығы бұзылған жағдайда ең алдымен сатушыға немесе қызмет көрсетушіге жазбаша наразылық (претензия) жолдау қажет. Наразылық хат – туындаған мәселені сотқа дейінгі тәртіппен шешуге мүмкіндік беретін тиімді құрал. Онда тұтынушы анықталған кемшіліктерді көрсетіп, өз талабын нақты түрде білдіреді. Егер кәсіпкер тұтынушының заңды талабын орындамаса немесе жауап бермесе, тұтынушы Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 42-5-бабында көзделген тәртіппен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға жүгіне алады.
Мысалы, азамат тұрмыстық техника сатып алып, кепілдік мерзімі ішінде ақау анықтаған жағдайда, алдымен сатушыға наразылық хат ұсынуға құқылы. Егер мәселе шешілмесе, заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдарға шағымдана алады. Қазіргі уақытта тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру ерекше маңызға ие. Өз құқықтары мен міндеттерін білетін азамат сапалы қызмет көрсетуді талап етіп қана қоймай, нарықтағы жауапкершілікті кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басты мақсат – азаматтардың сенімін арттыру, сапалы тауарлар мен қызметтердің ұсынылуын қамтамасыз ету және әділ тұтынушылық ортаны қалыптастыру. Сондықтан әрбір тұтынушы өз құқықтарын біліп, қажет болған жағдайда оларды заңды жолмен қорғауы қажет.
Түркістан облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1264758?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version