ҚҰРМЕТТІ АЙДЫН АҚАНҰЛЫ!
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті атынан Сізді туған күніңізбен құттықтаймыз!
Сіз – ғарышқа ұшқан Қазақстан Республикасының тұңғыш азаматы ретінде еліміздің тарихынан ерекше орын алған тұлғасыз. Сіздің ғарыш сапарыңыз Тәуелсіз Қазақстанның ғылыми-технологиялық мүмкіндіктерін танытып, отандық ғарыш саласының дамуындағы маңызды кезеңге айналды.
Сіздің өмір жолыңыз әрбір үлкен жетістіктің негізінде терең білім, жауапкершілік пен көп жылғы табанды еңбек жатқанын көрсетеді. Бұл – ғылымды, технологияны және инженерлік мамандықтарды таңдаған қазақстандық жастар үшін құнды өнеге.
Бүгінде еліміз ғарыштық зерттеулер саласында жаңа белестерге ұмтылуда. Сіздің кәсіби тәжірибеңіз бен жетістіктеріңіз өскелең ұрпақты өз мүмкіндіктеріне сеніп, биік мақсаттарға ұмтылуға жігерлендіреді.
Сонымен қатар, Сіздің басшылығыңызбен «Бәйтерек» жобасы аясында
«Союз-5»/«SUNKAR» зымыран-тасығышының алғашқы сынақтық ұшырылымының сәтті жүзеге асырылуы отандық ғарыш саласының маңызды жетістігі болды.
Құрметті Айдын Ақанұлы, Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақыт пен бақ-береке тілейміз. Біліміңіз, тәжірибеңіз бен күш-жігеріңіз Қазақстанның өркендеуіне әлі де ұзақ жылдар қызмет етіп, жарқын үлгіңіз жастарды жұлдыздарға бастар жолда нық қадам басуға жігерлендіре берсін!
Туған күніңіз құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazcosmos/press/news/details/1264104?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау