Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жеке құрам қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік сабақ ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ұйымдастыруымен департаменттер бастықтарының орынбасарларына арналған «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы кәсіби профайлинг» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өткен департамент бастығының орынбасары Оразгелдиев Ерлан Ділдәбекович жеке құраммен кездесіп, курс барысында алған білімі мен тәжірибесімен бөлісті.
Сабақ барысында кәсіби профайлингтің негізгі қағидаттары, адамның мінез-құлқын бақылау және талдау әдістері, ықтимал тәуекелдерді ерте кезеңде анықтау, қызметтік жағдайда тиімді коммуникация орнату, жанжалды жағдайлардың алдын алу және мекемелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған заманауи тәсілдер кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар қызметкерлерге кәсіби профайлинг элементтерін күнделікті қызметте тиімді пайдалану, қызметтік міндеттерді орындау кезінде қырағылықты арттыру және қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығы жеткізілді. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар берілді.
Мұндай оқу-әдістемелік іс-шаралар қызметкерлердің кәсіби даярлығын жетілдіруге, тәжірибе алмасуға және Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiszhambyl/press/news/details/1264569?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау