Аудан әкімі Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық автодәлізі бойында салынып жатқан жаңа саябақтың құрылыс жұмыстарымен танысты.
Жоба аудан тұрғындары мен қонақтарына қолайлы демалыс ортасын қалыптастыруға бағытталған. Саябақ аумағында ауданнан шыққан 14 генералға арналған Даңқ аллеясы салынып, қазақтың даңқты қаһарманы Бауыржан Момышұлының еңселі ескерткіші орнатылады. Сонымен қатар, ауданға қарасты 13 ауылдық округ пен Бауыржан Момышұлы ауылы туралы ақпараттық төлқұжаттар орналастырылады.
Нысанды аралау барысында құрылыс жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуына ерекше назар аударылды. Жауапты мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, барлық жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Жаңа саябақ ауданның сәулеттік келбетін айшықтап қана қоймай, халықаралық автодәліз бойымен жүріп өтетін жолаушылар үшін Бауыржан Момышұлының туған өлкесін танытатын маңызды нысанға айналмақ. Сондай-ақ, бұл демалыс орны тұрғындар мен қонақтар үшін тарихи-танымдық, мәдени және рухани маңызы зор қоғамдық кеңістік болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1264972?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау