Жас тілші мен генералдың тағылымды сұхбаты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Тараз қаласындағы №67 мектептің 6-сынып оқушысы, республикалық “Ақ желкен” журналының жас тілшісі Бексұлтан Әбдіманап Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаевпен кездесіп, қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу және полиция қызметінің қыр-сыры туралы сұхбат алды.

     Бексұлтан полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаевқа хат жолдап, сұхбат беруді өтінген еді. Жас тілшінің өтінішіне қолдау білдірген департамент бастығы Бексұлтанмен арнайы кездесіп, әңгімелесті. Сұхбат барысында жасөспірімдердің қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау, сондай-ақ өзінің балалық шағы мен полиция мамандығын таңдауы туралы сауалдарға жауап берді.

     Кездесу аясында Бексұлтан полиция департаментінің музейін көріп, полиция тарихымен және қызметтің ерекшеліктерімен танысты.

     Екі сағатқа созылған әсерлі әңгімеден кейін жас тілші болашақта журналист болу арманымен қатар, полиция қызметіне деген қызығушылығы да артқанын айтып, тіпті тәртіп сақшысы болуды да ойлап қалғанын жасырмады.

     Бұл кездесу оқушы үшін кәсіби арманына жасалған маңызды қадамға айналды. Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың елге қызмет етуге деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақ мамандығын саналы таңдауға оң ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1264947?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version