Жер қатынастарының кейбір мәселелері бойынша

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жер қатынастарының кейбір мәселелері бойынша

Жер учаскесін уақытша өтеулі (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкін.

Жер учаскесінің жалға алу мерзімі аяқталса не істеу керек?

Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесі белгілі бір мерзімге жалға берілуі мүмкін.

Егер жалдау мерзімі аяқталғанға дейін құрылысы толық аяқталмаса, жер пайдаланушы жерден айырылып қалады деген сөз емес.

Не істеу керек?

Жалдау мерзімі аяқталғанға дейін жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту туралы жергілікті атқарушы органға өтініш беру қажет.

Егер жер учаскесі мақсатына сай пайдаланылып, құрылыс жұмыстары басталған болса, бұл мерзімді ұзарту туралы шешім қабылдау кезінде ескеріледі.

Жалдау мерзімін ұзарту мемлекеттік қызмет болып табылады және өтініш әкімдікке немесе eGov порталы арқылы беруге болады.

Қандай жағдайда жер учаскесі алынуы мүмкін?

Егер жер учаскесі ұзақ уақыт бойы игерілмесе, құрылыс мүлдем басталмаса немесе жер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаса.

Сондықтан жер учаскесінің жалдау мерзімі аяқталғанға дейін үш ай ішінде шартты ұзарту туралы өтініш берген дұрыс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1264150?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version