Бүгін, 29 шілде күні ауылдық әкімдікте ауылдық округ әкімі, учаскелік полиция инспекторы, ветеринария дәрігері және шаруа қожалықтарының басшыларының қатысуымен мал ұрлығының алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз етілуі тиіс мәселелер бойынша арнайы жиналыс өтті. 🤝
Жиын барысында төмендегі өзекті бағыттар жан-жақты талқыланып, нақты тапсырмалар берілді:
🛰️ GPS трекерлер: Малға автономды трекерлер орнату жұмыстарын ұйымдастыру және оның тиімділігі түсіндірілді.
🐎 Жайылым: Жайылымдағы малды бағу тәртібін күшейту және жауапкершілікті арттыру мәселелері көтерілді.
🏷️ Төлқұжаттау: Барлық малды түгелдей құжаттан өткізіп, уақтылы ен салу қажеттігі атап өтілді.
📝 Есепке алу: Қорадағы малдың шаруашылық кітаптарында дұрыс және толық көрсетілуін қамтамасыз ету бағытында міндеттер қойылды.
⚠️ Ортақ мүлік пен мал қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ міндет! Жиында көтерілген мәселелерді бірлесіп жүзеге асырайық!!!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-tanirbergen/press/news/details/1265208?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау