Әуеден бақылау: Түркістан облысында заманауи технологиялар тиімді қолданылуда 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 Түркістан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи технологиялар тиімді қолданылуда. Соның бірі – дрондардың көмегімен жүргізілетін әуе бақылауы. Бұл тәсіл жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Кезекті рейд барысында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент — Арыс республикалық маңызы бар автожолында әуе бақылауын ұйымдастырды. Нәтижесінде дронның көмегімен қарсы бағытқа шығып, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды. Тексеру барысында құқық бұзушылықты 39 жастағы “Tesla” электр көлігінің жүргізушісі жасағаны белгілі болды.

Полицейлер көлік құралын тоқтатып, жүргізушіге қатысты әкімшілік шара көрді. Айта кету керек, қарсы қозғалыс жолағына шығу – жол-көлік оқиғаларына әкелетін ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі. Мұндай әрекет жүргізушінің ғана емес, жолдағы өзге де азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Тәртіп сақшылары барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, қарсы бағытқа шықпауға және жолдағы әрбір әрекетке жауапкершілікпен қарауға шақырады. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1265623?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version