Ақмола облысында теміржол көлігі қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Теміржол көлігі қызметкерлері күні қарсаңында Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға сала қызметкерлері, ардагерлер мен құрметті қонақтар қатысты. Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалының директоры Дәурен Қабас қатысты.

«Ақмола облысының аумағы арқылы ұзындығы 1,5 мың шақырымнан асатын теміржол желісі өтеді. Осы бағыттармен жыл сайын шамамен 40 мың жүк және 25 мың жолаушылар пойызы қатынайды. Теміржолшылардың үздіксіз әрі сапалы жұмысы логистикалық үдерістердің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосады.

Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында облысымыз теміржол вокзалдарын ауқымды жаңғырту жұмыстарына белсенді қатысуда. Республика бойынша жаңғыртылатын 124 вокзалдың 16-сы Ақмола облысына тиесілі. Бұл – еліміздегі ең жоғары көрсеткіш. Бүгінде олардың тең жартысы пайдалануға берілді, қалған вокзалдар биылғы қазан айының соңына дейін іске қосылады», – деді Елдос Рамазанов облыс әкімінің атынан теміржолшыларды құттықтай отырып.

Іс-шараның маңызын Көкшетау жол дистанциясының құрылғанына 100 жыл толуы айрықша арттыра түсті. Бір ғасырлық тарихында кәсіпорын өңірдің теміржол инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып, теміржол желілерінің қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қатар ұжым саланың үздік дәстүрлерін сақтап, кәсіби сабақтастықты жалғастырып отыр.

Салтанатты рәсім барысында теміржол саласының үздік қызметкерлері ведомстволық наградалармен, Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен және өзге де марапаттармен марапатталды. Олар көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және теміржол көлігін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін құрметке ие болды.

Мерекелік іс-шара шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен қорытындыланып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1265644?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version