Ақтауда «Жартасты соқпақ» аумағының бір бөлігі уақытша жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында 2026 жылғы 26–29 шілде аралығында 4А шағын ауданда орналасқан «Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйі аумағындағы «Жартасты соқпақ» бағытының бір бөлігі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша жабылады.

Уақытша шектеу тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аталған аумаққа кіру қайта ашылады.

Осыған байланысты Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарынан уақытша енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарап, қоршаулар мен ескерту белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1265604?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version