Полиция құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды заңсыз тастағандарға жауапкершілік қарастырылған еске салады.
Құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Соған қарамастан, тұрғындардың бір бөлігі құрылыс қалдықтарын, шабылған шөпті, ағаш бұтақтарын, ескі жиһазды және басқа да ірі көлемді қалдықтарды тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған контейнер алаңдарына шығаруға болады деп есептейді. Алайда бұл абаттандыру қағидаларын бұзуға жатады.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды заңсыз тастағаны үшін 400-ден астам азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Азаматтар құрылыс қалдықтары мен ірі көлемді қоқыстарды арнайы полигонға өз күшімен шығаруға немесе мамандандырылған ұйымдардың қызметіне жүгінуге міндетті.
Осыған орай Ақтөбе қаласында учаскелік полиция инспекторлары аулаларды аралап, рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Тексеру барысында контейнер алаңдарының маңына құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды заңсыз жинау фактілері анықталды.
Осындай жағдайлардың бірінде көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғыны қоқыс контейнерлерінің жанына бірнеше қап құрылыс қалдықтарын қалдырған. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, аумақты өз күшімен тазалап, арнайы техника жалдап, құрылыс қалдықтарын полигонға шығарған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1265554?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау