2026 жылғы 10 маусымда Ақжайық ауданының Чапаев ауылында Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Кеңеске Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек және Казталов аудандық ветеринариялық станцияларының директорлары, бухгалтерлері, ауылдық округтердің ветеринариялық пункт меңгерушілері мен басқарманың бөлім басшылары қатысты.
Жиынға БҚО ветеринария басқармасының басшысы Абзал Серікұлы Бралиев төрағалық етті. Кеңес ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар ветеринария саласындағы заңдылықты сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және кәсіби әдеп нормаларын сақтау мәселелерін талқылады.
Күн тәртібінде:
ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды жүргізу және құжаттарды рәсімдеу тәртібі;
ветеринариялық анықтамаларды беру тәртібі мен мал ұрлығының алдын алу;
ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар жоспарын жасақтау және 2026 жылы салынуы жоспарланған ветеринариялық нысандар құрылысы;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.
Кеңес барысында мамандар тарапынан өз қызмет бағыттарына қатысты сұрақтар қойылып, оларға жан-жақты түсіндірмелер мен жауаптар берілді. Сонымен қатар, ветеринариялық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен пікірлер айтылып, өзекті мәселелер талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, оларды шешу бағытында басқарма тарапынан тиісті тапсырмалар берілді.
Кеңес барысында ветеринария саласына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау, бөлінген қаражаттың тиімді әрі мақсатты жұмсалуы, сондай-ақ әрбір қызметкердің адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын ұстануының маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-veterinaria/press/news/details/1265294?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау