Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген қоғамдық-саяси жағдайдың негізгі индикаторлары бойынша II тоқсандағы әлеуметтанулық зерттеу деректері бойынша (Қазақстанның барлық өңірлерінен 2 400 респондент), азаматтардың «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі хабардар болу деңгейі 87,3% құрайды.   

Президент Қ.К.Тоқаев жүргізіп отырған саясаттың басты басымдықтарының бірі саналатын бұл қағидаттың халық үшін жоғары мәнге ие болуы азаматтардың әділдік, жауапкершілік және заңды бұлжытпай орындауға негізделген мемлекетті дамытуға деген сұранысын айғақтайды.

Сонымен қатар, бұл идеологема қала және ауыл тұрғындарына бірдей жақсы таныс: ауылдық жерлерде тұрғындардың 85,1%-ы бұл қағидат туралы біледі. Бұл мемлекеттік саясат ірі қалалар шеңберінен аспайды деген стереотипті жоққа шығарады.

Зерттеу нәтижелері аталған конституциялық қағидаттың қоғамдық сұранысқа толық сәйкес келетінін көрсетеді. Әр түрлі жастағы азаматтар заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын бірдей жоғары бағалайды, яғни, заңдылықты ел дамуының негізгі шарттарының бірі ретінде танитын тұрақты қоғамдық консенсустың қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Бұдан бөлек, азаматтардың басым бөлігі заң мен тәртіпті сақтауды мемлекет пен азаматтардың ортақ жауапкершілігі ретінде қарастырады. Мұндай көзқарас заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық мәдениетті нығайтуда мемлекет пен қоғамның өзара жауапкершілігіне негізделген жаңа Конституция қағидаттарына сәйкес келеді.

Әлеуметтанулық зерттеу деректері бойынша, «елде заң мен тәртіпті сақтауға ең алдымен кім жауапты?» деген сұраққа респонденттердің жауаптары мынадай: 43,6%-ымемлекет пен азаматтар жауапкершілікті тең дәрежеде көтереді деп есептейді; 30,6%-ыжауапкершілік әрбір қазақстандыққа жүктеледі деп санайды.

Осылайша, халықтың 74,2%-ы заң мен тәртіпті қамтамасыз етуді азаматтардың жеке жауапкершілігі немесе мемлекетпен қатар көтеретін жауапкершілігі деп қарастырады.

Жас бойынша талдау көрсеткендей, бұл ұстаным барлық буын өкілдеріне тән. Жеке жауапкершіліктің ең жоғары көрсеткіші жастар арасында байқалады: 18-28 жас аралығындағы азаматтардың 52,8%-ы заң мен тәртіптің сақталуна бірінші кезекте әрбір азамат жауап береді деп есептейді.

Сонымен қатар, сауалнама деректері Президенттің негізгі бастамаларына, маңызды азаматтық ұстанымдарға деген азаматтардың көзқарастарын және инфрақұрылымның жағдайына деген ризашылық деңгейін бағалауға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu/press/news/details/1265324?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version