Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі болып табылады.
- Заңнамалық негізі
Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 125-бабымен реттеледі.
- Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар және пайыздар бойынша берешек өтелмеген жағдайда – кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар және пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама тапсырылған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде;
2) бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда – осы Кодекстің 417-бабының 3-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
3) осы Кодекстің 420-бабының 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген лауазымды адамдарды тексерілетін тұлғаның объектісіне кіргізуден негізсіз бас тартылған жағдайда, осы Кодекстің 420-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымды адамдарды кіргізуден бас тарту туралы хаттама жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
4) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның, тексеру нәтижелері туралы хабарламаның және (немесе) белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждар, салықтар, өсімпұлдар және пайыздар сомалары туралы хабарламаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша төлеушінің болмауына байланысты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы кері қайтарылған жағдайда – қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.
- Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім қашан күшін жояды
Төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді шығарған кеден органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей аталған өкімнің күшін жояды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-sko/press/news/details/1265553?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау