🔺 Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының бірінші орынбасары Г. Кунакбаева және зияткерлік меншік құқығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б. Салтаев Жетісу облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Бір ауыл – бір өнім» көрмесіне қатысып, кәсіпкерлермен кездесу өтті.
Көрме аясында өңірдегі тауар өндірушілерге географиялық нұсқамаларды коммерцияландыру жолдары және олардың танымалдылығын арттыру тетіктері түсіндірілді. Сонымен қатар, географиялық нұсқамалардың артықшылықтары, өнімнің бірегей ерекшеліктерін құқықтық қорғау және оны нарықта тиімді ілгерілету мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1265399?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау