Бөрлі, Казталов аудандарындағы ауданаралық аурухана құрылысының барысы бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Бөрлі және Казталов аудандарында ауданаралық аурухананың құрылысы жүргізілуде.

Осы мақсатта ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнаш Губайдуллина жұмыс сапарымен аталған аудандарға барып, құрылыс нысанының қазіргі жағдайымен танысты.

Кездесу барысында құрылыс жұмыстарының орындалу барысы баяндалып, атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңнің жоспарлары талқыланды.

 Нысандарды аралау барысында Айнаш Губайдуллина құрылыс сапасы мен жұмыс қарқыны басты назарда болуы тиіс екенін атап өтіп, мердігер ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстарын бекітілген талаптарға толық сәйкес жүргізіп, нысанды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Ауданаралық аурухананың құрылысы өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі болып табылады.

Сонымен қатар, Айнаш Губайдуллина жұмыс сапары барысында Бөрлі ауданына қарасты Ақсу ауылдық округінің медициналық пунктінің қызметімен танысты.

Сапар кезінде медициналық пункттің материалдық-техникалық жағдайы, тұрғындарға көрсетілетін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі және медициналық қызметтің ұйымдастырылуы жан-жақты қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-densaulyk/press/news/details/1265514?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version