Комитеттің 2025 жылғы 17 қазандағы кеңес хаттамасының 2.1-тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) «Фармакологиялық қадағалау» индикаторы бойынша Бенчмаркингінің жетілуінің 3-деңгейіне қол жеткізу жөніндегі жол картасын іске асыру және ҚР ДСМ Вице-министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы №188 хаттамасын орындау шеңберінде вакциналар қауіпсіздігін бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, «Damumed» ЖШС және қаланың медициналық ұйымдарының қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылды: 1. Қолданыстағы ұлттық фармакологиялық қадағалау дерекқорын жетілдіру, деректерді талдау және қауіпсіздік сигналдарын анықтау мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ұлттық дерекқорды жаңарту қажеттілігі (ДДҰ-ның VL04.01 ұсынымына сәйкес); 2. Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді (ИКҚК) анықтау, тіркеу, бағалау және тергеп-тексеру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ барлық жағдайлар бойынша ақпараттың толық әрі уақтылы енгізілуін қамтамасыз ету (ДДҰ-ның VL04.01 ұсынымына сәйкес); 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы №69 бұйрығына өзгерістер енгізу шеңберінде ауыр иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тергеп-тексеруді бастау мерзімін 3 тәуліктен 48 сағатқа дейін қысқарту туралы талаптары; 4. «Damumed» медициналық ақпараттық жүйесінің «Сары карталар» модулі арқылы дәрілік препараттар мен вакциналарды қолданудан туындаған жағымсыз реакциялар туралы хабарламаларды міндетті түрде тіркеу, оларды Қазақстан Республикасының ұлттық фармакологиялық қадағалау дерекқорына (Vigilance/NRA порталы) белгіленген мерзімдерде жолдау тәртібі; Шымкент қаласының медициналық ұйымдарының арасында жауапты мамандарына жағымсыз реакциялар туралы хабарламаларды уақытылы және сапалы енгізудің, сондай-ақ фармакологиялық қадағалау талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-shymkent/press/news/details/1265107?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау