ХҚКО-да күтусіз: жаңа сервис келуді алдын ала жоспарлауға көмектеседі
Орал қаласының тұрғындары «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы электрондық кезектің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылай алады.
Жаңа «Онлайн-табло» сервисі таңдалған ХҚКО-да қазіргі уақытта қай талон нөміріне қызмет көрсетіліп жатқанын көруге және келу уақытын алдын ала есептеуге мүмкіндік береді. Бұл күту уақытын қысқартып, мемлекеттік қызметтерді алуды барынша ыңғайлы етеді.
Сервисті пайдалану жолы:
- «ЦОН» мобильді қосымшасын ашыңыз;
- «Онлайн-табло» бөліміне өтіңіз;
- қажетті Халыққа қызмет көрсету орталығын таңдаңыз;
- электрондық кезектің ағымдағы нөмірін нақты уақыт режимінде бақылаңыз.
Сервис «ЦОН» мобильді қосымшасында қолжетімді.
Онлайн-таблоның енгізілуі – цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамытудағы кезекті қадам. Бұл сервис қызмет көрсету сапасын арттыруға және азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kaztalovka/press/news/details/1265430?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау