Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты, 1-кіреберіс, анықтама телефоны: 74-95-12, 87019082624, 87077303042, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – кәсіпорын) бас директоры бос лауазымына – 1 бірлік, орналасуға конкурс жариялайды, мекен-жайы: 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17, телефоны 74-95-12. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Практикалық тәжірибесі: техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), материалтану және жаңа материалдар технологиясы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша), машина жасау, аспап жасау) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы).
Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін мемлекеттік органдардың актілерін білу, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Еңбек, Кәсіпкерлік және Бюджет кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Стандарттау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын, шаруашылық және қаржы шарттарын жасасу және орындау тәртібін, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу мен жасасуды және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібін білу.
Функционалдық міндеттері:
Мыналарды қамтамасыз ету қажет:
кәсіпорынның шаруашылық қызметінің бекітілген ағымдағы, перспективалық және стратегиялық жоспарларына, оның ішінде жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес кәсіпорынның тиімді және тұрақты жұмыс істеуі;
кәсіпорынға бекітілген мүлікті тиімді және мақсатты пайдалану, сақтау;
уәкілетті орган жеткізетін мемлекеттік тапсырысты орындау;
салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (оның ішінде зейнетақы қорларын), сондай-ақ кәсіпорын жұмыскерлерінің жалақысын уақтылы төлеу;
шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның таза табысының тиісті бөлігін немесе кәсіпорынның сметадан тыс алған кірісін мемлекеттік бюджет кірісіне аудару;
кәсіпорынның шарттық міндеттемелерін орындау;
Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, кәсіпорынды басқаруды жетілдіру үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалану, шарттық тәртіпті, кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын нығайту;
тиісті саланың уәкілетті органына қаржы-шаруашылық есептілік туралы мәліметтерді ұсыну.
Конкурсқа қатысуға үміткер кандидаттар Қағидаларға сәйкес осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтінішті, тізілімнің веб-порталында рәсімдеп, ЭЦҚ арқылы қол қойылған түрде, сондай-ақ еркін нысанда қазақ және орыс тілдерінде әзірленген түйіндемені қоса бере отырып, конкурс өткізу туралы хабарландыру веб-порталда жарияланған күннен кейінгі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, яғни 2026 жылғы 29 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) ұсынады.
Әңгімелесу 2026 жылғы 14 тамызда өткізіледі, өткізу орны: қашықтан бейнебайланыс құралдары арқылы, бұл туралы кандидаттарға қосымша хабарланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1265327?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау