Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен өткен мәжілісте шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды.
“Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – экономиканың тұрақты өсімінің негізгі тетіктерінің бірі. Мемлекеттік қолдау шараларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етіп, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру қажет”, – деді Ардақ Ибраимов.
Мәжілісте күн тәртібіне енгізілген өзге де мәселелер жан-жақты талқыланып, атқарылған жұмыстардың орындалу деңгейі сараланды. Жауапты сала басшыларының есептері тыңдалып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын міндеттер нақтыланды.
Жиын қорытындысымен жауапты сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты міндеттер жүктелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash/press/news/details/1265056?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау