Open Air: Атырауда полиция 20 мыңға жуық көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен Open Air концертіне 20 мыңнға жуық тұрғын мен қала қонақтары жиналды. Көрермендер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды.
Концерт басталар алдында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған жеке құрамның қатысуымен гарнизондық сап түзеуі өткізіліп, қызметтік міндеттер нақтыланды. Іс-шара кезінде полиция қызметкерлері адамдар көп шоғырланған аумақтарды бақылауда ұстап, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысын реттеу және кез келген жағдайға жедел ден қою бағытында қызмет етті.
Полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде концерттік бағдарлама жоғары деңгейде өтіп, тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілді. Кештің шарықтау сәтінде 500-ден астам дронның қатысуымен ұйымдастырылған әсерлі жарық шоуы көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1265126?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version