Облыс прокуратурасы көгалдандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.
551 мыңнан астам жасыл желек болғанына қарамастан, оларды есепке алудың электрондық жүйесі іс жүзінде жұмыс істемейді, ал мемлекеттік органдарда олардың жай-күйі мен жерсінуі туралы нақты мәліметтер жоқ.
Сондай-ақ ағаш отырғызу арқылы қоршаған ортаға тигізетін әсерді өтеуге міндетті 175 жер қойнауын пайдаланушының 90%-дан астамы өз міндеттемелерін орындамағаны анықталды.
Бірқатар жағдайларда отырғызылған ағаштар суарусыз және күтімсіз қалып, бұл олардың қурап (жойылып) кетуіне әкеп соқтырған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша экологиялық рұқсат шарттарын орындамағаны үшін 38 кәсіпорын әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға 12 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, прокуратураның бастамасымен облыс әкімінің қатысуымен алқа мәжілісі өткізіліп, онда көгалдандыру жүйесін жетілдіру бойынша шаралар айқындалды.
Атап айтқанда, «жасыл белдеуді» қалыптастыру тұжырымдамасы әзірленді, жасыл желектерді ұйымдастыруға, есепке алуға және күтіп-ұстауға жауапты бірыңғай оператор құру көзделді, сондай-ақ өңірді көгалдандырудың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын тәсілі бекітілді.
Қазіргі уақытта жер қойнауын пайдаланушылар 1 мыңнан астам ағаш отырғызды.
Қабылданған шараларды іске асыру көгалдандырудың тиімділігін арттыруға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.
Атырау облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-atyrau/press/news/details/1265397?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау