Қарағанды облысында есірткіге қарсы марафонға 600-ге жуық адам қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарқаралы ауданында 600-ге жуық қатысушыны біріктірген есірткіге қарсы марафон өтті. Таулы аймақта ұйымдастырылған жүгіру жарысы тұңғыш қазақстандық ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына арналды.

Polisia.kz мәліметінше, бұл акция есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бағытындағы профилактикалық жұмыстар аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты – салауатты өмір салтының маңызын насихаттап, спортпен айналысуға қызығушылықты арттыру.

Qarqaraly Bugyly Trail жарысына полиция қызметкерлері, спортшылар және жастар қатысты. Бастаманы халықаралық марафондардың бірнеше дүркін жеңімпазы, танымал спортшы Думан Бейсенев қолдады.

Жарыста үздік нәтиже көрсеткен спортшылар жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.

Спорттық бағдарлама ақпараттық-түсіндіру акциясымен толықты. Қатысушылар мен көрермендерге есірткі қолданудың қауіп-қатері және қажетті жағдайда қай жерден көмек алуға болатыны туралы ақпарат берілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жастарды белсенді өмір салтына тартуға, сондай-ақ тұрғындарды қоғам үшін маңызды бастамалар төңірегінде біріктіруге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1265289?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version