Құрметті отандастар!
2026 жылғы 23 тамызда Бухарест қаласының уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігі жанындағы №463 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау өтеді.
Сайлау өткізу туралы №1338 Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 1 шілдеде қол қойды.
Румыниядағы Қазақстан Елшілігі жанындағы №463 учаскесінде 18 жасқа толған және Румынияда тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары дауыс беру құқығына ие.
№463 сайлау учаскесінің дауыс берушілер тізіміне енгізілу үшін өз деректеріңізді (Т.А.Ә., ЖСН, туған күні және тұрғылықты мекенжайы) Елшіліктің консулдық бөліміне kazconsul.bucharest@gmail.com электрондық поштасы арқылы жолдау қажет.
Сайлау күні дауыс беру үшін өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы тиіс.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +40 (723) 884 745 телефоны немесе kazconsul.bucharest@gmail.com электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің мекенжайы: Бухарест қаласы, 1 сектор, Пошталық индекс: 011993, Крынгулуй көшесі (Strada Crângului), 13 үй.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bucharest/press/news/details/1265280?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау