Қазақстанда қоныс аудару бағдарламасына қатысушыларды қолдау күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда кадр тапшылығы байқалатын өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы жаңартылды. Енді экономикалық ұтқырлық сертификатының ең жоғары мөлшері 7 млн теңгеге дейін ұлғайтылып, оны жаңа өңірден тұрғын үй сатып алуға пайдалануға болады.

Бағдарлама аясында қоныс аударушыларға көшуге субсидия төленіп, тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық қызмет шығындары өтеледі. Сондай-ақ жұмысқа орналасуға қолдау көрсетіліп, жаңа өңірге көшпей тұрып-ақ бос жұмыс орнын таңдауға мүмкіндік беріледі.

Бағдарламаға қатысушылар қатары кеңейтіліп, енді мемлекеттік қолдау шараларын сұранысқа ие мамандар мен шаруа және фермер қожалықтарының басшылары да пайдалана алады.

Өтінім беру және бос жұмыс орындарын таңдау migration.enbek.kz порталы арқылы онлайн жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-kazcik/press/news/details/1265275?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version