Федоров ауданы тұрғындарының назарына!
2026 жылғы 31 шілдеде сағат 15.00-де Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Қоғамдық кеңестің қарауына мынадай мәселелер шығарылады:
- Федоров ауданы аумағында «Жасыл ел» еңбек жасағы қызметінің іске асырылу барысы мен нәтижелері туралы.
- Федоров ауданының кітапхана жүйесіндегі аудан жастарымен жұмыс туралы.
- Федоров ауданындағы жолдарды жөндеу жөніндегі 2026 жылға арналған бағдарламаның орындалу барысы туралы (мониторинг қорытындылары).
- Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік объектілерді бейімдеу жөніндегі бағдарламаны орындау бойынша ұсынымдардың орындалуы туралы.
Қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстар, ескертулер maslihat.fed@gmail.com электрондық мекенжайға немесе 21-6-74 телефоны арқылы жіберілсін.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-fedorov/press/news/details/1265292?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау