«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ» ІС-ШАРАСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
               Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қызылорда облысының облыстық бюджетінің 2025 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит» іс-шарасы бойынша комиссия мүшесі Б. Пшановтың баяндамасы тыңдалып, бюджетті жоспарлау мен орындау үдерісіндегі мәселелер жан-жақты талқыланды.
              Отырысқа Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы С. Мырзабек және аудит объектілерінен басқарма басшыларының орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысты.
              Жиын барысында тексеру комиссиясы төрағасының м.а. Н. Қордабай мен комиссия мүшелері тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға басқарма басшысылары мен бөлім басшылары жауап берді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын іс-шараларды орындау мақсатында уәкілетті мекемелерге қажетті ұсынымдар жолданатын болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1265277?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version