САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ КЕЛБЕТІН КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған құрылыс, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Осыған орай, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы арқылы өтетін республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының бойында жүргізіліп жатқан абаттандыру және көркейту жұмыстарының барысын бақылады.

Жоба аясында автомобиль жолының екі бағытында заманауи жарықтандыру жүйесі орнатылып, жол бойын абаттандыру, инженерлік инфрақұрылымды ретке келтіру және аумақтың сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарын – «BY Construction» ЖШС жүзеге асыруда. Қазіргі таңда нысанда қажетті техника мен жұмыс күші жұмылдырылып, жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сәйкес қарқынды жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан әкімі республикалық жол бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың сыртқы сәулеттік келбетін реттеу мәселесі бойынша кәсіпкерлермен кездесті. Ауданның кіреберісі мен орталық көшелерінің көрінісі өңірдің оң имиджін қалыптастыратын маңызды фактор екенін атап өтіп, кәсіпкерлерді ортақ іске белсенді атсалысып, өз нысандарының сыртқы келбетін талапқа сай ұстауға, ретке келтіруге шақырды.
Нысандарды аралау қорытындысында аудан әкімі жауапты бөлім басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстауды, құрылыс және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды, сондай-ақ жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар Сарыағаш қаласының әкіміне қала аумағындағы абаттандыру жұмыстарын жүйелі үйлестіріп, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, көгалдандыру жұмыстарын күшейту және қала келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1265634?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version