Бүгінгі таңда Шахтинск ЖЭО-да №1 және №4 қазан агрегаттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Су құятын құбырлар, экрандар, оттықтар, түтінсорғыштар және басқа да жабдықтарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. №1 қазан агрегаты бойынша монтаждау жұмыстары іс жүзінде толық аяқталды, №3 қазан агрегаты бойынша белсенді түрде жалғасуда, ал №4 қазан агрегаты бойынша жұмыстар аяқталды.
«Вертикальная» қосалқы станциясындағы 110 кВ майлы ажыратқыштар мен 35 кВ жоғары кернеулі ажыратқыштарды жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 8,383 км болатын жылу желілерін, оның ішінде магистральдық және ішкі кварталдық құбыр желілерін жаңғырту жұмыстары қатар жүргізілуде. Жұмыстар мердігерлік және шаруашылық тәсілдермен орындалуда Сонымен қатар, 625 ысырмаға техникалық тексеру (ревизия) жүргізіліп, 14 ысырма ауыстырылды.
Жөндеу науқанының барысы тұрақты бақылауда. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы ақпарат беру жалғасады.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1265589?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау