Солтүстік Қазақстан облысында 2011–2015 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында жазғы биатлоннан Қазақстан Республикасының Кубогы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысында 2011–2015 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында жазғы биатлоннан Қазақстан Республикасының Кубогының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген жас спортшылар қатысуда. Турнир жас биатлоншылардың спорттық шеберлігін, төзімділігі мен жігерін көрсететін маңызды алаңға айналды.

Жарысқа қатысушыларды, жаттықтырушыларды, төрешілер мен қонақтарды Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары құттықтады. Ол өз сөзінде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай жарыстардың болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге, биатлон спортын кеңінен насихаттауға және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосатынын айтты.

Солтүстік Қазақстан облысы биатлондағы жетістіктерімен мақтана алады. Өңірден Азия чемпионы Надежда Щедрина, Қазақстан Республикасының спорт шеберлері Виктор Бривко, Диас Амаров, Эльдар Верховников, сондай-ақ республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері тәрбиеленіп шыққан.

Алдағы бірнеше күн бойы 2011–2015 жылы туған ұлдар мен қыздар Қазақстан Республикасының Кубогы жүлделері үшін бақ сынап, жоғары дайындық деңгейін, спорттық шеберлігін және жеңіске деген жігерін көрсетеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sport/press/news/details/1265441?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version