2026 жылғы 14 шілдеде Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары жеке кәсіпкер «West Catering» асханасының қызметкерлеріне тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында өндірістік бақылауды ұйымдастыру, тағам өнімдерін сақтау және дайындау талаптары, міндетті медициналық тексеруден өту, персоналдың жеке гигиенасын сақтау және тағам өнімдерімен қауіпсіз жұмыс істеу қағидалары түсіндірілді. Қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары мен тағамнан уланудың алдын алу бойынша ұсынымдар таныстырылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Семинар соңында ақпараттық жадынамалар мен брошюралар таратылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1265527?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау