Таза Балқаш — ортақ жауапкершілік: полицейлер демалушылармен экологиялық акция өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жетісу облысы полициясының қызметкерлері Балқаш көлінің жағалауында профилактикалық іс-шара өткізді.

Рейд барысында полицейлер демалушылармен әңгімелесіп, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салды. Азаматтарды тұрмыстық қалдықтарды табиғатқа тастамауға, қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастауға және өңірдің ең көрікті жерлерінің бірі саналатын Балқаш көлінің жағалауын таза ұстауға шақырды.

Тәртіп сақшылары табиғатты қорғау әр адамның қарапайым әрі жауапты ісінен басталатынын атап өтті. Таза жағалау, сақталған табиғат және қоршаған ортаға жанашыр көзқарас өңір тұрғындары мен қонақтарының жайлы әрі қауіпсіз демалуына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, полицейлер демалушыларға қоғамдық тәртіпті сақтаудың, балаларға мұқият болудың, суда қауіпсіздік талаптарын орындаудың және айналадағы адамдарға құрметпен қараудың маңыздылығын еске салды.

«Таза Қазақстан» акциясы тек тазалықты сақтауға ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды насихаттауға бағытталған. Полицейлер Балқаш көлінің қайталанбас сұлулығын болашақ ұрпаққа сақтау тек бірлескен күш-жігердің арқасында мүмкін екеніне сенімді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1265395?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version