ЖЕҢІС ЖОЛЫ – ТӘРТІП ПЕН БІРЛІКТІҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ: Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері волейбол чемпиондары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының полиция қызметкерлері кезекті мәрте кәсібилік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетіп, республикалық деңгейдегі волейбол чемпионатының жеңімпазы атанды.

Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен және «ARLAN» спорт клубының қолдауымен өткен республикалық волейбол чемпионатында еліміздің барлық өңірлерінен келген 25 команда, 250-ден астам полиция қызметкері бақ сынады. Тартысты додада Абай облысы Полиция департаментінің құрамасы жоғары ойын өрнегін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді.

Абай облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Эльдар Данияров спортшыларды айтулы жетістіктерімен құттықтады.

– Спорт – шыныққан дене ғана емес, қайсар мінез бен темірдей тәртіптің мектебі. Осындай жеңістер қызметкерлердің кәсіби дайындығы мен бірлігінің айқын дәлелі. Алдағы уақытта да Абай облысының абыройын асқақтатып, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер, – деді департамент басшысы.

Бұл жеңіс – жай ғана чемпиондық атақ емес. Бұл – күнделікті қызметте ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларының спорт алаңында да табандылық, төзімділік және командалық рухтың арқасында биік белестерді бағындыра алатынын дәлелдеген маңызды жетістік.

Абай облысының полициясы – қызметте де, спортта да үздіктер қатарында!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1265625?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version