Ақмешіт ауылы өзінің 130 жылдық мерейтойын ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Ғасырлық тарихы бар ауыл бүгінде жаңарып, көркейіп, дамудың жаңа белесіне көтерілуде.
Мерейтой қарсаңында Мәдениет үйі жөндеуден кейін қайта ашылып, ауылдық клуб жаңғыртылды. Сонымен қатар, мәдени өмірге тың серпін беретін заманауи LED-экран орнатылды.
Мерекелік алаңда ұлттық нақыштағы киіз үйлер тігіліп, дәстүрлі әншілер мен мәдениет үйінің өнерпаздары әсерлі концерттік бағдарлама ұсынды. Спорттық жарыстар ұйымдастырылып, ауылдың берекесі мен бірлігі тағы бір мәрте айшықталды.
Шағын ғана ауыл болғанымен, Ақмешітте үлкен істер атқарылып жатыр. Жаңарған нысандар, көркейген келбет, тұрғындардың ынтымағы – ауылдың жарқын болашағының айқын көрінісі.
Мерейтой барысында Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы ауыл тұрғындарын құттықтап, елдің дамуына үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1266156?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау