Облыс әкімінің бірінші орынбасары – облыстық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Нұржан Сәбитұлы Календеровтың төрағалығымен 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны қорытыланды.
Жиынға облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ерлан Байболат Бейсенұлы, қорғаныс істері жөніндегі және ішкі істер органдары департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ әскере шақыру мәселесіне жетекшілік ететін аудан әкімдерінің орынбасарлары бейнеконференция байланысы арқылы қатысты.
Күн тәртібінде 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындылары, әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру барысында заң талаптарының сақталуы және шақыру науқанын сапалы өткізудің өзекті мәселелері қаралды.
Жиын барысында көктемгі әскерге шақыру науқанының нәтижелері жан-жақты сараланып, алдағы күзгі шақыру науқанына дайындық аясындағы негізгі міндеттер айқындалды.
Сонымен қатар, шақыру комиссиялары жұмысының тиімділігін арттыру, медициналық куәландыру сапасын жақсарту және әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды анықтау мен іздестіру жұмыстарын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1266216?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау